Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің әкесі өмірден өтті
Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәлидің әкесі Уәли Құрманғалиев 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Kznews.kz.
Қаралы хабар туралы журналист Төлен Төлеубай әлеуметтік желіде жазды.
Берік Уәли бауырымыздың асқар тауы құлапты. Уәли ақсақалды Алла алдынан жарылқасын! Бекем болыңыз, Беке!, – деп жазды ол.
Kznews.kz ұжымы әріптесіміздің қайғысына ортақтаса отырып көңіл айтады.