Президенттікке үміткер азаматтың қос ұлы сыбайлас жемқорлық іс бойынша сотқа тартылды

0

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың туған ұлдары болып табылатын Марат Дайрабаев пен Дидар Молдағалиев Тараздағы сыбайлас жемқорлық іс бойынша сотқа тартылды, деп хабарлайды Kznews.kz порталы  Kaztag.kz сайтына сілтеме жасап.

«ҚР ҚК Е. Құлкеевтің, Е. Елибайдың  (189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе жымқыру), М. Дайрабаевтың, Д. Молдақалықтың 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (алаяқтық) айыптауы бойынша қылмыстық іс соттың іс жүргізуіне қабылдансын», — делінген Тараз сотының 26 қыркүйектегі қаулысында, оның көшірмесі ҚазТАГ агенттігі редакциясының қарамағында бар.

Агенттіктің тілшісі анықтағандай, бұл субсидияларды ұрлауға қатысты мәселе.

Бұл іс бойынша негізгі сот талқылауы 11 қазанда басталады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Жигули Дайрабаевтың 30 қыркүйекте Қазақстан Президенті лауазымына кандидатурасы ұсынылған еді.

Фото: facebook.com