Президенттікке кандидаттардың қазақ тілін білу емтихандары қалай өтеді — Қазақстан жаңалықтары
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен президенттікке кандидаттардың қазақ тілін меңгеруін анықтау емтихандары қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
ҚР президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау үшін:
— лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көлемі екі беттен аспайтын жазбаша тапсырма жазу;
— лингвистикалық комиссия ұсынған қазақ әдебиетінен үш беттен аспайтын мәтін оқытылады;
— лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көпшілік алдында он бес минуттан кем емес сөз сөйлеу талап етіледі.
«Тақырыптарды лингвистикалық комиссия анықтайды: бүгін ғана құрылды. 21 сәуір 12.00-де алғашқы отырысы өтеді. Сол жерде тақырыптар ұсынылады. Лингвистикалық комиссияның ұйымдастыру отырысынан кейін ОСК мүшелері таңдалған тақырыптар туралы айта алады. Жалпы тақырыптар Қазақстан тарихы, бүгіні мен болашағы туралы; оқуға әдетте әдеби классикалар, еркін тақырыпта әлемдік мәселелер, Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық, саяси мәселелері берілуі мүмкін. Мұны комиссия анықтап, бекітеді. Үш кезеңдік емтиханнан соң кандидаттың мемлекеттік тілді білуі туралы қорытынды шығарады. Кандидаттардың тіл білу деңгейін анықтау комиссия құзыретінде», — дейді Сүлеймен.
Оның айтуынша, кандидаттарға баяндау үшін қажетті деңгейде уақыт беріледі. Тапсырмаларды таңдап алу ашық жүргізіледі және комиссия қорытындысы ашық жарияланады. Жазбаша жаттығу, қазақ әдебиеті классиктерінің туындыларын оқу және еркін тақырыпта сөйлеу үшін бірнеше тақырыптарды лингвистикалық комиссия алдын ала айқындайды. Үміткер емтихан талаптарындай тапсырмалардың үш түрінің әрқайсысынан бір-бірден таңдап алады.
Емтиханның әр кезеңіне дайындалу үшін президенттікке кандидатқа жеткілікті уақыт беріледі. Жазбаша тапсырмаға қажет болған жағдайда жарты сағатқа ұзарту мүмкіндігімен бір сағаттан кем емес уақыт беріледі. 15 минут көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайын
stan.kz