Президенттік клиниканың дәрігері коронавирустан қайтыс болды

0

Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санаттағы уролог-дәрігер 20 жыл бойы медицина саласында қызмет еткен

Президент іс басқармасы медициналық орталығының дәрігері Павел Шолох коронавирустан қайтыс болды.

Павел Иванович Шолох
Павел Шолох 54 жасқа қараған шағында көз жұмғаны айтылып отыр

«Президенттік клиника Павел Шолоховтың туыстары мен достарына қайғырып көңіл айтады. Павел Иванович — медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санаттағы уролог-дәрігер, Клиниканың ерлер денсаулығы орталығының жетекшісі, 20 жыл бойы медицина саласында қызмет етті», — деп жазылған клиниканың Facebook-тегі парақшасында.

Әріптестері мен пациенттері Павел Шолоховты кәсіби біліктілігі мен адамгершілігі үшін құрметтегені жазылған. Павел Шолох 54 жасқа қараған шағында көз жұмғаны айтылып отыр.

Бұған дейін, 11 шілдеде белгілі уролог-хирург Әділжан Хамзиннің көз жұмғаны туралы хабарланған еді.

Дәл сол күні Ақтөбедегі жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қалихан Қозбағаров қайтыс болды.

Sputniknews.kz