Президентті ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

0

26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

«Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының сайланған Президенті ретінде тіркеді. Сайланған Президенттің ант беру күні 26 қарашаға белгіленді», — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан Президенті сайлауының ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды.