Президенттер туралы қызық дерек һәм мемлекет басшыларының күнін  әлем қалай атап өтеді?

0

Президент күнін атап өткенімізбен, кейде біз оның қаншалықты мәнді, маңызды екенін біле бермейміз. Бұл бізде ғана емес, әлемнің әр түкпіріндегі елде бар. Бірақ ол атаулы мерекелер қалай аталып өтіледі? Мәселе сонда.

2011 жылы Қазақстан парламенті Президент күнін атап өту туралы заң шығарды. Сонан бері, яғни 2011 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, Қазақстанда Президент күні аталып өтіледі. Өйткені 1991 жылдың 1 желтоқсанында бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР-нің президенті болып сайланды. Бұл күн Қазақстан халқы үшін демалыс, мемелекеттік мереке болып есептеледі.

Қазақстанда ғана емес, әлемде де Президенттер күні бар. Бұл күні әлемнің әр түкпірінде мемлекеттік шаралар аталып өтеді.

АҚШ-та ақпан айының әрбір үшінші дүйсенбісі Президент күні болып есептеледі. Бұл АҚШ мемлекетін басқарған Джорлж Вашинтонның туған күніне байланысты белгіленген дата. Ал тарихқа жүгінер болсақ, бұл шара 1782 жылдан басталады. Америка Құрама Штаттарында ақпанның әр үшінші дүйсенбісінде салтанатты шара өтеді, барлық мекемелер жабылады. Бұл жұмыс күні емес.

Сондай-ақ 2015 жылы АҚШ президенті Барак Обама «15 сәуірді Авраам Линкольнді еске алу күні» деп жариялағаны белгілі. Бұл күні америкалықтар мекемелер мен ғимараттарда ілулі тұрған туларды төмен түсіреді.

Голландияда 27 сәуір – ханзаданың туған күні. Бұл күні халық қызғылт-сары түсті киім киіп, көшеге шығады. Халық көше жағасындағы сауда сөрелеріне үйіндегі  тауарларын сатуға қояды.

Ұлыбританияда аталған мерекені бүкілхалықтық ауқымда тойлайды. Ұлыбритания ханшайымы II Елизавета сәуір айында дүниеге келсе де, мұны мемлекет дәстүрлі түрде 11 маусымда атап өтеді. Бұл күні мемлекеттік мекемелер мен ғимараттарда Англияның туы ілініп, салтанатты шара өтеді.

Таиландта ханзаданың туған күні ұлттық мереке және Әкелер күні болып есептеледі. Бұл күні халық ханзадаға екі ән арнауы керек. Біріншісі–оның барлық армандары орындалуы үшін, екінші ән ханзада мен ханшайымға, оның отбасына арнап шырқалады. Мұның барлығын халық қолдарына балауыз шам ұстап тұрып орындайды.

Сондай-ақ 12 тамыз Тай ханшайымының туған күні және Аналар мерекесі болып есептеледі. Тайлықтар ханшайымның туған күнін өздерінің отбасында атап өтеді. Бірақ көшелерге ханшайымның суреті ілініп, салтанатты жағдайда безендіріледі.

Анголада 17 қыркүйек – Агоштиньо Нетоның туған күні. Бұл елдің бірінші президентінің туған күні ғана емес, сонымен қатар мерекеде тәуелсіздік үшін күрескен азаматтарды құрметтеп, еске алады. Анголада 17 қыркүйек күні салтанатты шаралар ұйымдастырылып, әртүрлі бұқаралық сайыс өткізіледі.

Президенттер туралы әртүрлі қызықты деректер:

1.Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мектеп бітіргеннен кейін ұшқыш болуды армандаған. Ол 1958 жылы Киевтегі азаматтық авиация институтында сынақтан өтеді. Оған аталған оқу орнына түсуге мүмкіндік берілген тұста бұл хабар ата-анасы мен туған –туыстарына мәлім болады. Отбасы мен ақсақалдар кеңесі ақылдаса келе «болашақ президентті» Киевке жібермеу туралы шешім қабылдайды. Сондықтан ол авиация институтына тапсырған  құжатын қайтарып алады. Нұрсұлтан Әбішұлы аталған жоғары оқу орнына түсер алдында Қазақстандағы банктердің бірінде күзетші болып жұмыс істеген.

2.Томас Джефферсон – АҚШ-тың үшінші президенті. Ол өте тәжірибелі сәулетші болған. Томас  Монтичеллода өте сәулетті, сырты көз тартарлық үй тұрғызған. Сондай-ақ Вирджинии университетінде  де Томас Джефферсонның айрықша қолтаңбасы бар.

3.Гаитидің президенті Клод Дювалье бұл лауазымға 19 жасында келген. Диктатор әкесі Франсуа Дювалье аяқ астынан қайтыс болғаннан кейін ол 1971 жылы елдің өмір бойғы президенті ретінде саналды.

4.АҚШ президенті Рональд Рейганға 1981 жылы қастандық жасалып, оқ атылғанда, ол «негізі бұғып қалуым керек еді», — деп қалжыңдаған екен. Рональд Рейганның өмір жолы мен қызметіндегі суреттерін салыстырып қарасаңыз, ол шашын 16 түске  бояған көрінеді.

5.АҚШ президенті Джордж Буш іскерлік әкімшілік магистрі ғылыми дәрежесін алған тұңғыш америкалық басшы.

6.АҚШ президенті болған Барак Обама 2006 жылы «Менің әкемнің арманы» атты аудиокітабы үшін Грэмми сыйлығын жеңіп алған. Барак Обаманың құрметіне АҚШ-тағы ең биік тау Обама деп аталған екен.

7.Зимбамбенің ең қарт президенті болған Роберт Мугабе айына 12 мың доллар зейнетақы алып келген. Осыдан бірер жыл бұрын ол елдегі әскери төңкерістің нәтижесінде биліктен кетті. Халқын адам санамаған оның әйелі «Күйеуім өлсе, оның сүйегін де президенттік лауазымға қоямын» деп елді шошытқаны белгілі. Ақыры қарт күйеуі былтыр төңкерістің нәтижесінде биліктен кетті.

8.. Испания басшысы Хуан Карлос «Реал» футбол клубының жанкүйері болып есептеледі.

  1. Ресей президенті Владимир Путин – самбо мен дзюдодан спорт шебері.
  2. Ливия президенті Муаммар Каддафи өз елін 40 жылдан астам басқарды. Оның тұсында елдегі барлық коммуналдық қызмет тегін болды. Ол АҚШ пен Еуропа елдерін жек көрді. Каддафи «әлемнің алпауыт елдері арабтарды түбінде кіріптар етеді. Сондықтан мұсылмандар алдымен өзіміз бір болуымыз керек. Әйтпесе, бізді құртады» деп батыл мәлімдеме жасаған. Ақыры айтқаны дәл келіп, өзін америкалықтар итқорлықпен өлтірді.
  3. Иранның экс-президенті Махмұд Ахмадинеджат америкалық билікке тойтарыс берген, сөйтіп елдің есінде қалған ержүрек президент. Ол қазір қатардағы мұғалім болып қызмет істейді.
  4. Әлемдегі ең кедей президент – Уругвай басшысы Хосе Альберто Мухика. Ол әйелімен бірге қала маңындағы шағын фермада тұрады. Оның екі күзетшісі және ақылды иті бар. Айына 12 мың доллар жалақы алады. Жалақысының 90 пайызын қайырымдылық қорына аударады. Хосе Альберто Мухиканың бір тракторы және 1987 жылғы «Фольксваген» көлігі және бір гектар жері бар.

«Қамшы» сілтейді