Президенттен көмек сұраған баланың әжесі болған жағдайды түсіндірді

0

Баланың ата-анасы бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. 70 жастан асқан әжесі өз қамқорлығына алған. Кейін бала мектепке бармай қойды

НҰР-СҰЛТАН, 29 ақпан – Sputnik. Ресей астанасындағы балалар үйіндегі баланың тағдыры бірнеше тәуліктен бері бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланып жатыр. Ол Владимир Путинмен кездесуде жақындарына баруға көмектесуді сұраған болатын.

Баланың ата-анасы бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. 70 жастан асқан әжесі өз қамқорлығына алған. Кейін бала мектепке бармай қойды. Тиісті тесттерді тапсырмаған. Өткен жылдың  қазан айында сот шешімімен баланың әжесі асырап алған ата-ана міндетін атқарудан шеттетілді, деп хабарлайды РИА Новости.

«Маған немерем президентке шағымданданрғанын айтты. Ол: Миша, мен саған көмектесемін» деп айтты», — дейді баланың әжесі.



sputniknews.kz