«Президенттен кешірім сұраймын» – Ринат Заитов (видео)

0

Айтыскер ақын Ринат Заитов өзінің Youtube арнасына жаңа бағдарламалардың қосылғанын айтып видео жариялады.

Видеоның басында шенеуніктерден «кешірім сұраймын» деген ақын, керісінше оларды сынға алатынын жеткізді.

– «Құрметті қазақстандықтар! Мен Ринат Заитов ҚР президентінен, барлық министрлерінен, барлық өңірлердің әкімдерінен, парламент және сенат депутаттарынан кешірім сұраймын» деп айтады деп ойласаңыздар, сіздер қатты қателесесіздер, керісінше біз Youtube желісінде бұрынғы айтылып жүрген ойларымыздың ауқымын одан сайын кеңейтеміз.

Ол үшін біз Ринат Заитов Youtube арнасын «әлем» арнасына айналдырып, оның ішіне жаңа бірнеше бағдарлама қостық,– деді айтыскер ақын.

Ринат Заитов өзінің арнасына жазылған әрбір адам оның қолдаушылары екенін атап өтті.

qamshy.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз