Президентікке үміткерлердің бәрі дауыс берді

0

Қазақстанда 7 президентікке үміткер сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

Алғашқылардың бірі болып халық коммунистік партиясынан президентікке сайланып отырған Жамбыл Ахметбеков келді. Ол №66 мектепте орналасқан 113-сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Сайлауға ол анасы, әйелі және қызымен бірге келді. 

Alt

Тағы бір үміткер Амангелді Таспихов сайлау учаскесіне шамамен сағат 9 кезінде келді. Жанында өзімен бірге әйелі болды. 

 

Nur Otan партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана Опера» театрында орналасқан учаскеге барып дауыс берді. 

Ал «Ұлы дала қырандары» қозғалысының атынан шыққан үміткер Сәдібек Түгел №136 учаскеге шапанмен келді. 

«Ауыл» партиясының кандидаты Төлеутай Рахымбеков Ұлттық музейде орналасқан №52 учаскеге сағат 10 шамасында келді. Жанында әйелі, қызы және немерелері болған. Осы күні оның үлкен немересе Уәлихан дүниеге келген болатын. 

Жалғыз әйел кандидат Дания Еспаева анасымен бірге келіп №113 учаскеде дауыс берді. 

Ал «Ұлт тағдыры қозғалысының өкілі Әміржан Қосанов учаскеге түскі сағат он екі шамасында келді. Жанында әйелі болды. 

стеріңізге сала кетсек, бүгін, 9 маусым, Қазақстан Республикасында президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекетте үш сағат ішінде халықтың 12,8%-і дауыс беріп үлгерді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мен билікті бір-бірін қолдауға шақырды. 

Мұнымен қатар, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та Оқушылар сарайына барып дауыс берген болатын. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек дауыс беру учаскесіне отбасымен бірге барды. Бұдан өзге түскі сағат он екіге дейін халықтың 35 процентінің дауыс беріп үлгергені белгілі болды. 

Бас прокуратура бюллетеньмен суретке түскендерге айыппұл салынатынын айтты. 

stan.kz