Президентікке үміткер Амангелді Таспихов дауыс берді
Президент болуға үміткер кандидат сайлау учаскесіне әйелімен берге келген
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан кәсіподақтар федерациясының атынан кезектен тыс президент сайлауына қатысып жатқан Амангелді Таспихов дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Кандидат сағат таңғы 9-да ұлттық академиялық кітапханадағы №111 сайлау учаскесіне әйелі Эльмира Таспиховамен бірге келіп, дауыс берді.
«Көңіл-күйіміз жақсы, сергекпіз. Халықтың қолдауын сезіп отырмыз. Олар кәсіподақтар ұйымына сенім артып отыр. Біздің сайлаудағы позициямыз қолдау тапты. Бұл бізге күш беріп, сенімімізді арттырады. Сондықтан көңіл-күйіміз көтеріңкі», — деді Таспихова.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне 7 кандидатты тіркеді:
- Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
- «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
- «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
- «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
- Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
- Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
- «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
©
Sputnik /
Президентікке үміткер жеті кандидат
sputniknews.kz