Президент: Жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек

0

Мемлекет басшысы бұл бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертетінін айтты, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты BORT N1 телеграмм-арнасына сілтеме жасап. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ, жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек екенін алға тартты.

«Нарықтағы алыпсатарлық ешбір жағдайда біздің қорларымызға кері әсерін тигізбеуі керек. Үкіметке, Ұлттық банкке, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігіне бұл бағытта шешуші шаралар қабылдау қажет»

«Біз шаруаларды жанар-жағармайдың қажетті көлемін қолжетімді бағамен қамтамасыз етуіміз керек. Ауыл шаруашылығы техникасының, тұқым мен тыңайтқыштардың дайындығын екі есе жіті тексеру қажет»

«Үкімет жанынан құрылған Жедел штаб бір уақытта ақпаратты нақты уақыт режимінде талдайтын, сондай-ақ төтенше жағдайлардың нақты шараларын әзірлейтін Ситуациялық орталық ретінде жұмыс істеуі керек. Жүйе деңгейінде еліміздің дамуына елеулі кедергі келтіретін шектен тыс бюрократизацияны жою қажет»

«Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан, баршаңызды Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін»,- деді Президент.

(Фото http://Liter.kz сайтынан алынды)