Президент заңға өзгерту енгізуді тапсырды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қазақстанда ішімдік ішіп көлік тізгініне отыратын жүргізушілерге қатысты шара қатаңдай түседі. Президент тиісті тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішімдік ішіп рөлге отыратын жүргізушілерге қатысты шараны қатаңдатуды тапсырды.

«Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет», –  деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.

Жуырда мас жүргізушілердің кесірінен бірнеше жол апаты болған еді. Олар қоғамдық резонанс туғызды.

Қарағандыда Lexus 570 көлігінің жүргізушісі үйдің ауласында тұрған бес бірдей көлікті соқты. Апаттан соң рөлде ұйықтап қалған. Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті: 25 жастағы жігіт пен 29 жастағы әйел.  

Тағы оқыңыз: Екі адам қаза болды: полиция Алматыдағы жол апатына кінәлі жігітті ұстады

Тағы бір жол апаты Алматы қаласында болды. Алкогольдік ішімдік пен есірткі қолданған BMW жүргізушісі жаппай жол оқиғасының себепкері болды. Салдарынан екі адам жедел жәрдем қызметі жеткенше көз жұмды. Тағы жеті адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз