Президент туыстарының басшылық қызметтер атқаруына тыйым салынады

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы барысында президент туыстарының басшылық қызметтер атқаруына тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы  KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы елдегі барлық азаматтар теңдігінің кепілі болуы тиіс. Сондықтан, Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік лауазымдарды иеленуіне және квазимемлекеттік секторда басшылық қызметке келуіне заңмен тыйым салынады», — деді Тоқаев жолдау барысында.

Демократияның тарихы — сайлау рәсімдерін жетілдіру. Сондықтан саулау кезінде барлық ережелер қатаң түрде сақталады. Ал байқаушылардың жауапкершілігі мен құқықтары нақты белгіленеді.

Айта кетелік, бүгін Қазақстан президентінің халыққа жолдауы өтіп жатыр.

(Фото http://Kaztag.kz сайтынан алынды)