Президент төтенше жағдайға қатысты: дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Тоқаев азаматтардың алдағы мереке күндеріне орай жоспар құратынын түсінетіні, бірақ бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылданып отырғанын айтты

АЛМАТЫ, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстанның коронавирус індетімен күресуге толық мүмкіндігі бар. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған үндеуінде айтты.

«Менің жарлығыммен төтенше жағдай егізілді. Ол отыз күнге созылады. Президент жанынан мемлекеттік комиссия құрылды. Оны премьер-министр басқарады. Барлық қажетті алдын алу шаралары жүзеге асырылады. Көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды. Көптеген азаматтарымыздың алдағы мереке күндеріне орай жоспар құратынын түсінемін. Дегенмен, бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз», — деді мемлекет басшысы.

Президент коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс екенін атап өтті.

«Жұртшылық көп баратын басқа да орындар уақытша жабылады. Оқушылар демалысқа жіберілді, студенттер қашықтан оқу жүйесіне көшті. Сондай-ақ, азаматтарымыз отбасылық іс-шараларды өткізбеген жөн деп санаймын. Осы шаралардың барлығы азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар. Мұны дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын», — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы аурудың тарауына байланысты туындаған қиындықтарды бірлесе шешуге шақырды. 

«Бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екенін баса айтқым келеді. Бұл қиындықты бәріміз бір халық,бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл – уақытша дүрбелең. Осы дағдарыстанабыроймен өтуіміз керек. Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпенқарауы тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына ат салысуы қажет. Еліміздің барлық азаматы өкілетті органдардыңқызметіне қолғабыс көрсетеді деп сенемін. Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап,тәртіпке бағынуым керек. Дерттің алғашқы белгілері пайда болған жағдайда бірдентұрғылықты жердегі дәрігерге қаралу қажет. Бәріміздің азаматтық жуакершілігімізосындай сәтте сыналады»- деді президент.

Қазақстандағы коронавирус

13 наурызда Қазақстанда коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны – тоғызадам, екеуі – Нұр-Сұлтан қаласында, жеті адам – Алматыда. Арасында 2008 жылы туғанбала бар.

1 641 адам станционарлық карантинге алынды, 981 адам үй жағдайындағыкарантинде жатыр.

16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ол 2020 жылдың 15сәуіріне дейін жалғасады.



sputniknews.kz