Президент: Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшып, тарихи ерлік жасады,

0

30 жыл бұрын қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан ғарышқа ұшып, тарихи ерлік жасады, деп жазды бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
«Бұл оқиға Қазақстанның ғарышты зерттеу бағдарламаларын іске асыруға негіз болды. Бүгінде осы саладағы жетістіктеріміз халқымыз бен ұлттық экономикамыздың мүддесіне қызмет етеді», -деді Президент.