Президент Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
Ол 28 қаңтарда өтеді.
«Отырыс барысында еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары айтылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері тұжырымдалады», — делінген хабарламада.
Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірнеше өңірлердің әкімдері баяндама жасайды.
Фото: Informburo.kz