Президент Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы Жарлыққа қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес қаулыда былай делінген:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Әлихан Асханұлы Смайыловқа жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Ақорда сайтында.

Мұның алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасап, халықты сабырға шақырған болатын.

Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған.