Президент Тоқаев референдумда дауыс берді (ВИДЕО)

0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайы ғимаратындағы учаскеде дауыс берді.

Сонымен қатар, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен пемьер-министр Әлихан Смайылов референдумда дауыс берген болатын. Ол ұлттық кітапхана ғимаратындағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

ИАйта кетейік, референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?». Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беруі керек.