Президент Тоқаев Киевтегі журналист Садықовқа жасалған шабуылға байланысты түсініктеме берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте болған қазақстандық журналистке жасалған шабуыл туралы пікір білдірді. Мемлекет басшысы қазақстандық мемлекеттік органдар тергеу жұмыстарына атсалысуға дайын екенін атап өтті.
«Қазақстанда заң үстемдігін нығайтуға бағыт алынды. Сіз менің ұстанымымды білесіз: елде заң мен тәртіп, дәлірек айтсақ, заңнама болуы керек. Біздің қоғамдағы барлық қақтығыстар, келіспеушіліктер негізгі халықаралық нормаларға сәйкес қолданыстағы заңнама негізінде тек құқықтық салада шешілуі керек. Дәл осы тұрғыдан алғанда, кеше Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қатысты болған қылмысты қарастыру қажет.
Мен дипломатиялық ведомство мен құқық қорғау органдарының желісі бойынша осы ауыр оқиға жайында Украина тарапына ресми сұрау салуды тапсырдым. Қажет болған жағдайда қазақстандық ресми органдар шындықты анықтауға жәрдемдесу үшін тергеуге қосылуға дайын», — деп атап өтті ол.
Фото: facebook.com/UA.KyivPolice