Президент Тоқаев Дариға Назарбаеваны қабылдады

Саясат
Қысқа сілтеме алу
Кездесу барысында елдің ішкі саясатына қатысты өзекті мәселелер талқыланды
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада кездесу өткізді, деп хабарлады президенттің ресми сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаев парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны, премьер-министр Асқар Маминді, Конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді, парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконы қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының ішкі саясатына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
sputniknews.kz