Президент Тоқаев Асқар Мырзахметовты қабылдады

0
113

Қазақстан Президенті Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовты қабылдады.

Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Қазақстан халқына арналған қазіргі Жолдаудағы, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі аясындағы Елбасы тапсырмаларының орындалу нәтижелері туралы есеп берілді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті мемлекеттік бағдарламаларды уақтылы және тиімді жүзеге асырудың, сондай-ақ халыққа әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету жөніндегі шараларды атқарудың маңыздылығын айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

kaz.zakon.kz