Президент Тоқаев Ақордада алғашқы кеңес өткізді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Кеңеске президент әкімшілігінің басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ президенттің көмекшілері қатысты

АCТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Бүгін Ақордада президент әкімшілігі басшылығының қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Жиынға президент әкімшілігінің басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ президенттің көмекшілері қатысты.

Жиын барысында ішкі және сыртқы саясат, әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ қауіпсіздік және құқық қорғау органдарының қызметін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Қазақстан президенті осы саладағы және халықтың тұрмыс-тіршілігі үшін маңызы бар басқа да салалардағы бағдарламаларды сапалы орындауға баса мән берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық бағыттар бойынша туындайтын проблемаларды шұғыл әрі тиімді шешудің маңыздылығын айтты.

Тоқаевтың туған күні президент жайлы не айтады — нумеролог түсіндіріп берді

Сонымен қатар, мемлекет басшысы тиісті жұмыстарды үйлестірудің маңыздылығына тоқталып, президент әкімшілігіне барлық тапсырмалардың орындалуын бақылауға алуды тапсырды.



sputniknews.kz