Президент Тоқаев алғашқы ресми сапарын Ресейден бастайды

0

3 сәуірде Қазақстан президенті Ресейге ресми сапарлап барады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тоқаевтың сапары «бағдарламасының ең маңызды тұсы» Ресей президенті Владимир Путинмен өтетін келіссөз болмақ.

Сайттағы хабарламаға сәйкес, екі ел басшысы кездесуінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты серіктестік мәселелері, сондай-ақ аумақтық және халықаралық өзекті тақырыптар талқыланады.

Сапар кезінде бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.

Azattyq