Президент Шавкат Рахмоновты кезекті жеңісімен құттықтады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ирландиялық Иан Гэрриден басым түскен Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.