Президент сайлауы қашан болмақ?

0

29 наурызда Астана уақытымен 15:00-де AzattyqLIVE тікелей эфирінде Қазақстан президентінің сайлауы, оның саяси, заңдық, қоғамдық қырлары талқыланады. Хабарға саяси сарапшы, бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев қатысады.

Қазақстан Конституциясында кезекті президент желтоқсанның бірінші жексенбісінде өтетін тең және төте сайлау негізінде сайланатыны жазылған. Бұған қоса президенттің кезектен тыс сайлауы Қазақстан президентінің шешімімен тағайындалатыны, оның «конституциялық заң мен тәртіп негізінде жүзеге асатыны» да көрсетілген.

19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілетін тоқтатып, парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшылығына тағайындалуы Қазақстан қоғамында «президент сайлауы қашан болады?» деген сұрақты туындатты.

Сайлау Конституцияда белгіленген тәртіппен — желтоқсанның бірінші жексенбісінде өте ме, әлде кезектен тыс сайлау жариялана ма? Оған қандай негіз бар? Бұл саяси науқан биыл бола ма, келесі жылға қала ма? Егер кезектен тыс сайлау жарияланса, тәртібі, реті қалай болмақ? Заңдық тұрғыда қайшылықтар туындамай ма?

Азаттықтың Алматыдағы студиясында 29 наурызда Астана уақытымен сағат 15:00-де басталатын AzattyqLIVE тікелей эфирінде президент сайлауының өту мерзімі жайлы талқылауға осы тақырыпты зерттеп жүрген саяси сарапшы, бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев қатысады.

AzattyqLIVE қонағына сұрақтарыңызды әлеуметтік желідегі парақтарымыз арқылы жолдауларыңызға болады.

Azattyq