Президент сайлауы кезінде 90-нан астам адам жұмыстан зорығып өлді

0
101

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Сайлау учаскелерінің қызметкерлері 157 миллион азамат қатысқан жалпыға бірдей сайлау кезіндегі қауырт жұмысқа шыдамаған

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір — Sputnik. Индонезияда жалпыға бірдей сайлаудағы жұмыс кезінде  сайлау комитетінің 91 мүшесі көз жұмды, 374-і  қауырт жұмыстан зорығып, ауруханаға түскен, деп жазды Tempo.

«Nur Otan» партиясынан президент сайлауына кім түсетіні белгілі болды

Бас сайлау комиссиясының төрағасы (KPU) Ариф Будиман марқұмдардың отбасы 30-36 миллион рупий (2 100-2 500 доллар) көлемінде бір реттік көмек алатынын мәлімдеді.

«Біз сейсенбі күні қаржы министрлігіне баруды жоспарлап отырмыз. Сайлау комиссиясының бас хатшысы министрліктің лауазымды тұлғаларымен кездеседі», – деп хабарлады Будиман.

Жұмыстан зорығып мүгедек болып қалған қызметкерлер 30 миллион рупий (2 100 доллар) өтемақы алады, ауруханаға жатқызылғандарға 16 миллион рупиден (1 137 доллар) бөлінді.

Айта кетейік, Индонезияда жалпыға бірдей сайлау 17 сәуірде өтті. Индонезиялықтар президентті, қос парламент палатасының депутаттары мен жергілікті заң органдарын сайлады. 800 мың сайлау учаскесінде 157 миллион азамат дауыс берді. Сайлаудың қорытындысы 22 мамырда шығарылады.



sputniknews.kz