Президент сайлауы: Дариға Назарбаев дауыс берді

0

Сенат спикері Сербия парламентінен келген халықаралық байқаушымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым — Sputnik. Сенат спикері Дариға Назарбаева өз таңдауын жасады. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы № 58 сайлау учаскесінде дауыс берген. 


©
Sputnik / Абзал Калиев.

Дариға Назарбаева №58 сайлау учаскесінде дауыс берді

Сондай-ақ, сенат төрағасы Сербия парламентінен келген халықаралық байқаушы Драгомир Каричпен әңгімелесті. 


©
Sputnik / Жания Уранкаева.

Сенат спикері Дариға Назарбаева мен халықаралық байқаушы Драгомир Карич

Айта кетсек, осы жолы Қазақстан президенттігіне жеті адам таласады:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева
  • «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.



sputniknews.kz