Президент сайлауы 2019: сайлау науқаны қалай өтеді
Президент сайлауы науқаны туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңға сәйкес, президенттің кезектен тыс сайлауы республика президентінің шешімімен тағайындалады және тағайындалған күнінен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
Орталық сайлау комиссиясы не істейді
Президенттің кезектен тыс сайлауы осы Конституциялық заңда президенттің кезекті сайлауы үшін белгіленген қағидаларға сәйкес өткізіледі. Сайлау іс-шараларын өткізу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.
Осыдан кейін саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер кандидаттарды ұсынады. Президенттікке кандидаттар ұсыну сайлау жарияланған күннен кейінгі күні басталып, сайлауға екi ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
Президенттiкке кандидаттарды тiркеудi Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы қалай тағайындалады
Үміткерлерді тiркеу, егер сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше көзделмесе, сайлауға дейiн екi ай бұрын басталады және сайлауға қырық күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева президент сайлауына қатыса ма – саясаттанушы пікірі
Егер кандидаттарды тiркеу мерзімі аяқталатын күні президенттікке екіден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.
Орталық сайлау комиссиясы:
- кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетi күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында әрбiр кандидаттың тегiн, аты мен әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн көрсетiп, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi жариялайды;
- тiркелген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi;
Сайлау алдындағы үгіт
Президенттiкке кандидат өзінің болашақ қызметiнiң сайлау алдындағы бағдарламасын баяндайды. Сайлау алдындағы бағдарламада Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiру, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрілген құралымдар құру идеялары уағыздалмауға тиiс.
Аталған талаптар бұзылған жағдайда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркеуден бас тартуға, ал кандидат мұндай сайлау алдындағы бағдарламаны тiркелгеннен кейiн ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға құқылы.
Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайтадан дауыс берудi өткiзген кезде сайлау алдындағы үгiт қайтадан дауыс беру күнi тағайындалған күннен басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Сайлау алдындағы үгiт:
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;
- сайлау алдындағы жария iс-шараларды, сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін өткiзу жолымен;
- баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен жүзеге асырылады.
Сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады.
Дауыстарды санау
Президент сайлауында дауыстарды санау нәтижелерi аумақтық сайлау комиссияларының мәжiлiстерiнде белгiленедi және хаттамаға енгiзiледi, оған комиссия төрағасы мен мүшелерi қол қойып, екi күн мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жолданады;
Тағы оқыңыз: Тоқаев: Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты
Дауыстарды санау нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге мәселелер конституциялық заңның жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Қайта сайлау
Егер президент сайлауы жарамсыз деп танылса, не қайта дауыс беру сайланған президенттi анықтауға мүмкiндiк бермесе, Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын қайта тағайындайды;
Қайта сайлау алғашқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Дауыс беру бастапқы сайлауды өткiзу үшiн жасалған тiзiм бойынша және сол сайлау учаскелерiнде өткiзiледi;
Қайта сайлау өткiзу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
Сайлау қорытындысын анықтау және жариялау
Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиясы хаттамаларының негiзiнде сайлаудан кейiн жетi күндiк мерзiмнен кешiктiрмей президент сайлауының қорытындыларын белгiлейдi және тиiстi қаулы қабылдайды.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда жаңа үкімет қалай құрылады
Сайланған президентті тiркеу
Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде сайланған Республика президентiн тiркейдi.
sputniknews.kz