Президент сайлауы 2019: Сәдібек Түгел

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

«Ұлы Дала қырандары» республикалық қозғалысы мемлекет басшысы лауазымына үміткер ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Белгілі жазушы, Қазақстанның гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, педагог Сәдібек Түгел президент лауазымына кандидатурасын ұсыну үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды.

Сонымен, «Ұлы Дала қырандары» республикалық қозғалысы мемлекет басшысы лауазымына Сәдібек Түгелдің кандидатурасын ұсынып отыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының сайты хабарлайды.

Президент сайлауында мүгедектерге барлық жағдай жасалады

ОСК атап өткендей, үміткер келесі құжаттарды өткізген екен: бірлестіктің жоғарғы органы отырысы хаттамасынан президенттіке ұсынылу туралы үзінді, Түгелдің өтініші, өмірбаяны, ОСК шотына сайлау жарнасын аударғанын растайтын құжат және тағы басқалары.

Сайлауда екі жерде тіркелген азаматтар қалай дауыс береді?

Құжаттарын тапсырғаны туралы Сәдібек Түгел Facebook желісіндегі өз парақшасында да жазды.

«Орталық сайлау комиссиясы талап еткен алғашқы құжаттарды сәтті тапсырдық. Құрамында 5 жауапты қызметкерлері бар ОСК Актіге қол қою арқылы қабылдады. Енді бес алты күн бұл құжаттар тексеруден өткізіледі. Ол екі ортада 107 пунктен тұратын медициналық анықтамамен декларацияны тапсыру қажет», — деп Түгел өзіне ақ ниет білдірген жандарға алғыс айтты.



sputniknews.kz