Президент сайлауы 2019: Қыз Жібек пен Төлеген сайлауға барды
Театр әртістері дауыс беріп қана қоймай, сайлаушылардың алдында өз өнерін көрсетіп кетті
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ академиялық драма театрының әртістері ұлттық киіммен дауыс беруге барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Біздің театр ұжымы сайлауға шығармашылық бағытта қарауды ұйғарды. Біз саяси партияларға бағынышты емеспіз, біз тек бұл сайлаудың маңыздылығын көрсеткіміз келді. Біздің ата-бабаларымыз қазақ мемлекетін құруда көптеген күрестерді басынан өткізді. Біз осыны бағалай білуіміз керек. Осы сайлауға қатыса отырып, Отанымыздың қалыптасуына өз үлесімізді қосамыз деп сенеміз, — дейді театр режиссері Жанат Телтаев.
APEC жоғары колледжінде орналасқан №90 сайлау учаскесінде театр əртістері «Қыз Жібек» қойылымынан əндерді де орындап берді.
«Барлық ұжым дауыс бермеді. Тек қана сол учаскеде тіркелген əртістер дауыс берді. Солардың арасындағы театр әртісі Нұрбек Сезхан Төлеген образында болды. Қалған əртістер өздерінің тіркелген учаскелерінде дауыстарын берді», — деп атап көрсетті Телтаев.
Айта кетейік Атырау облысы бойынша сайлаушылардың жалпы саны 409 679 адамды құрайды.
Тағы оқыңыз: Самал Еслямова дауыс беру үшін Қазақстанға арнайы келді
sputniknews.kz