Президент сайлауы 2019: қазақстандықтардың 72,9%-і дауыс берді
Қазақстандықтар республика бойынша ашылған он мыңға жуық сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Елорда уақытымен сағат 18:00-дағы жағдай бойынша тізімге енген сайлаушылардың 72,9%-і дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тағы оқыңыз: Самал Еслямова дауыс беру үшін Қазақстанға арнайы келді
Айта кетсек, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8 % дауыс беруге келген. Ал 12:00-ге қарай қазақстандықтардың 35,1%-і өз таңдауын жасады. 14:00-дегі мәлімет бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8%-і сайлау бюллетенін алды. 16:00-ге қарай өз таңдауын жасаған қазақстандықтар саны 65,9 процентке жетті.
Сайлау — 2019
Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды.Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де жұмысын бастады.
©
Sputnik / Меруерт Алимова
Дауыс беруге келген Көкшетау қаласының тұрғындары
Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр.
sputniknews.kz