Президент сайлауы 2019: қазақстандықтардың 65,9%-і дауыс берді

0

Қазақстандықтар республика бойынша ашылған он мыңға жуық сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Елорда уақытымен сағат 16:00-дағы жағдай бойынша қазақстандықтардың 65,9%-і дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетсек, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8 % дауыс беруге келген. Ал 12:00-ге қарай қазақстандықтардың 35,1%-і өз таңдауын жасады. 14:00-дегі мәлімет бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8%-і сайлау бюллетенін алды.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың бюллетені урнаның аузында тұрып қалды — видео

Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды.Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де жұмысын бастады.

Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр.

Президент сайлауы қалай өтіп жатыр

Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады

Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр. 

Президенттікке үміткерлер

Қазақстан президенттігіне жеті адам үміткер:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел. 

    ©
    Sputnik /

    Президентікке үміткер жеті кандидат

sputniknews.kz