Президент сайлауы 2019: қазақстандықтар митингке шықты
Қысқа сілтеме алу
Куәгерлер наразылық шеруіне шыққандарды тәртіп сақшылары ұстап алып кеткенін хабарлап жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Бүгін 1 мамырға арналған халықтық серуен кезінде елорда тұрғындары көшеге шығып, президент сайлауының әділ өтуін талап етті.
Sputnik Қазақстан тілшісі хабарлағандай, наразылық шеруі Абай көшесінен Республика даңғылына дейінгі аумақта болған. Полиция өкілдері азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзбаса, шеруге араласпайтынын мәлімдеді.
«Біз әділ сайлауды қалаймыз – біз көппіз», — деп қайталады наразы жұрт.
Кейін қала әкімдігінің алдындағы алаңда адамдарды ұстап, автобустарға отырғыза бастады.
«Не үшін ұстап жатырсыз?», — деп сұрады ер адам Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Малыбаевтан.
«Заңды бұзғаны үшін»,- деп жауап берді Малыбаев.
Көп ұзамай алаңға жиналғандардың алдына елордалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденовтің өзі шықты.
Плакат үшін 15 тәулік: Министр Алматы марафонында ұсталғандарға қатысты түсініктеме берді
Ол жиналғандармен сөйлесіп, заң аясында әрекет етуді және қоғамдық тәртіпті бұзбауды сұрады.
«Ұсталғандарды босатамыз. Бірақ, алдымен бәрі тарап, тәртіп орнағаны қажет. Сабырлық сақтаңыздар. Біз өз қызметкерлерімізбен мән-жайды анықтаймыз. Заңды бұзған адам жазасын алады. Бейнематериалдар бар», — деді Сәденов.
Плакат үшін темір тордың ар жағынан бір-ақ шыққан белсенді аштық жариялады
Алматылықтар да көшеге шықты
Sputnik Қазақстанның Алматыдағы тілшісі хабарлағандай, Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағына да жүздеген адам жиналған.
©
Sputnik / Анна Платонова
Алматыда адамдар митингке шықты
Көшеге шыққан халық Қазақстанда сайлаудың әділ өтуін талап еткен. Бас көтерген ондаған адамды полицейлер ұстап әкетті. Олар Медеу ауданы ІІБ-ге жеткізілген.
©
Sputnik / Анна Платонова
Алматыдағы митинг
Президент сайлауы
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы осы жылдың 9 маусымында өтеді.
sputniknews.kz