Президент сайлауы 2019: 8 маусым Қазақстанда
Кезектен тыс президент сайлауы ертең, 9 маусымда өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Қазақстанда президент сайлауы алдындағы тыныштық күні жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тыныштық күні заң бойынша сайлауалды үгітке тыйым салынған. Кез келген үгіт жұмысы заңсыз саналады.
Тағы оқыңыз: Сайлау алдындағы тыныштық күні — қандай тыйым салынады
Сондай-ақ, тыныштық күні және сайлау күні қазақстандықтарға кандидаттың атын айтпай, жалпы сайлауға қатысуға үндеу жариялауға болады. Кімге дауыс беретінін айтпай, сайлауға баратынын да хабарлай алады.
Немесе кімге дауыс бергенін айтпай, сол күні сайлауға қатысқанын мәлімдеуге болады.
Тағы оқыңыз: Осы апта – сайлау: қазақстандықтар нені білуі тиіс
Қазақстандықтар ертең, 9 маусым күні таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін қалаған кандидатына дауыс бере алады. Қазақстан бойынша сайлау учаскелерінің жалпы саны – 9 970 (48 учаске 06:00-де ашылады).
Сайлауға кімдер түседі
Осы жолы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне жеті кандидатты тіркеді:
- Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
- «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
- «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
- «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
- Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
- Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
- «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.
sputniknews.kz