Президент Қазақстанның жаңа саяси кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынбақ
Қаңтар қақтығысы кезінде төңкеріске қатысқандардың қатарында жоғары лауазым иелері, белгілі адамдардың болғаны анықталған,- деп хабарлайды Kznews.kz сайты. Олар күштік құрылымдарға қарсы шығып, заңды орындауға кедергі келтірген. Тіпті жалған ақпарат таратып, мемлекет басшыларын алдап-соққан.
«Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік» — деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа қажетті реформаларды тарату өзінің басты міндеті екенін атап өтті. Әрі қарай мемлекетті дамыту, ауқымды-экономикалық өзгерістер жасау үшін Саяси жаңғырудың қажет екенін айтты.
Сол себепті Ел басшысы Қазақстанның жаңа саяси кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынбақ. Бұл бағдарлама қоғам сұранысы мен қажеттілігіне негізделген.
(Фото http://atpress.kz сайтынан алынды)