Президент қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

0

Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айына орай Қазақстан халқына жолдаған құттықтау жеделхатын жариялады.

«Мүміндер бұл жарқын уақытты рухани тазаруға, өзін-өзі жетілдіруге және игі істерге арнайды. Рамазан айы ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық  сияқты биік адамгершілік қасиеттерге ие. Ислам дінінің гуманистік мұраттары ұлт бірлігін, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарады»  деді ел Президенті құттықтауында.

Биыл қасиетті ай 2 сәуірде басталып, әдеттегідей  30 күнге созылады.