Президент Қазақстанда Қырым сценарийі қайталануы мүмкін дегендерге жауап берді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Тоқаев Қырым немесе Донбасс сценарийінің Қазақстанда қайталануы туралы болжам жасайтындар туралы ойын айтты

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценарийінің қайталануы мүмкін деген болжамға жауап берді.

«Мұндай псевдосарапшылардың болжамында маңызды негіз жоқ. Олар Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыруға және мемлекеттер арасындағы тату көршілік, одақтастық қарым-қатынастарды бұзуға бағытталған. Мұндай болжамды тек құзіреті жоқ, біреудің сөзін сөйлейтін қастық ойлаушылар ғана айта алады», — деді президент «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар президент Қазақстан Ресей мен Беларусьтің одақтас мемлекетіне кіруі мүмкін бе деген сауалға жауап берді. Айтуынша, Қазақстанның Ресей мен Беларусьтің одағына қосылу жоспары жоқ.

«Қазақстан Ресей және Беларусьпен екіжақты форматта, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктер (ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД) аясында ынтымақтастық қарым-қатынаста және Ресей мен Беларусьтің одақтас мемлекетіне қосылу жоспары жоқ», — деді мемлекет басшысы.

Басым бағыт – аталған интеграциялар аясында одан әрі даму, деп атап өтті Тоқаев.

Сондай-ақ, экономикалық одақ ретінде ЕАЭО әлеуетін күшейту үлкен қызығушылық тудыратынын атап өтті.

«Кооперациялық байланыстарды дамыта отырып, тауарлардың, қызметтердің, жұмыс күшінің ортақ нарығын құра отырып, Одаққа қатысушы мемлекеттердің инвестиция тартуды күшейте отырып, ЕАЭО-ны жаһандық ауқымдағы тиімді құрылымға айналдыра аламыз. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. 2025 жылға қарай жалпы энергетикалық, қаржы нарықтары қалыптастырылады. Басым бағыт – цифрлық өзара әрекеттесу», — деді Тоқаев.



sputniknews.kz