Президент қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/979/15/9791513.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/society/20191220/12339613/prezident-qazaq-tili.html
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әліпбидің ұсынылған үш нұсқасы да шикі болып шыққанын айтты. Ол бұл мәселеге ғылыми тұрғыдан қарау керек деп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшуде асығыстық танытуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Бұл мәселеде асығыстық танытуға болмайды. Жаңа әліпбиді енгізу үшін барлығы жіті салмақтап, жан-жақты талдау жасап, пысықтау қажет. Ұсынылған үш нұсқа да шикі болып шықты. Мәселеге ғылыми тұрғыдан қарау керек», — деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.
Президенттің айтуынша, бұл жерде кириллицаны латынға ыңғайластыра салу туралы ғана сөз болып отырған жоқ.
Тағы оқыңыз: Тоқаевтың тапсырмасынан кейін латын әліпбиінің 10 нұсқасы қаралды
«Қазақ тілін реформалау, қажет болса, тілімізді жаңғырту қажет. Тағы бір мәрте мәлімдеймін, біз қазақ тілін реформалап жатырмыз. Ұлтымыз үшін мұндай тарихи мәселеде науқаншылдық пен бейқамдыққа жол жоқ!», — деді Тоқаев.
sputniknews.kz