Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы атақты шетел басылымында жарияланды

0
6
tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан: Батыс пен шығыс арасындағы көпір» атты мақаласын американдық the National Interest журналы жариялады, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Kazpravda.kz сайтына сілтеме жасап.

Мақалада Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің негізгі месседжі және оның 2003 жылы құрылған тарихы туралы әңгімелеп берді.

Оның айтуынша, биыл Съезд жаһандық белгісіздік пен тұрақсыздық кезеңімен тұспа-тұс келді.

«Осы қиын – қыстау кезеңдерде Съезд әлемнің діни лидерлерінің қайта жиналып, бірлікті ілгерілетуде жетекші рөл атқаруы үшін тұғырнама бола алады деп үміттенеміз», — деп мәлімдеді ҚР Президенті.

Ол келіспеушіліктері бар барлық тараптарды диалог үшін Қазақстандағы келіссөздер үстеліне отыруға шақырды.

Мақаланы төмендегі сілтеме бойынша оқи аласыздар: https://nationalinterest.org/feature/kazakhstan%C2%A0%C2%A0bridge-between-west-and-east-204776