Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитінде не айтты?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ШЫҰ саммитінде бірқатар мәселелерді ортаға салды.
— Ұйым әлемдік ЖІӨ-нің үштен бірін құрайтын әлемдегі ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан экономикаларды қамтиды. Бұл біздің ұйымның орасан зор әлеуеті мен жаһандық рөлін айқын көрсетеді;
— ШЫҰ өзін барлық қатысушы елдердің дауыстары мен мүдделері бірдей ескерілетін бірегей платформа ретінде көрсетті. Дәл осындай мызғымас демократиялық негізде біздің ұзақ мерзімді ынтымақтастығымыз негізделеді;
— Қазақстандық төрағалық ету кезеңінде әртүрлі деңгейдегі 150-ге жуық іс-шара өткізілді… ШЫҰ-ның халықаралық серіктес ұйымдарының ауқымы кеңейді. Инвестициялар жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметі қайта жанданды. Ұлттық валютада есеп айырысуға көшу процесі оң динамикаға ие болды. ШЫҰ форматын одан да тартымды ететін бірқатар жобалар іске қосылды;
– Қазіргі күрделі жағдай — негізінен халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесінің өткір дағдарысының салдары. Осыған орай ШЫҰ өзінің тұрақтандырушы және жасампаз рөлін күшейтуі тиіс
— Әлемдік экономикаға өсудің жаңа нүктелері мен дамудың мүлдем басқа парадигмасы қажет. Сондықтан, Шанхай ұйымының маңызды міндеттері, біздің ойымызша, сауда-экономикалық кооперацияны кеңейту, капитал мен технологиялардың еркін қозғалысына жағдай жасау, климаттық сын-қатерлермен күресу болып табылады;
— Инвестициялық жобаларды талқылау және бекіту үшін бірыңғай алаң құру қажеттілігі айқын болды. «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында жобалық қызметті қаржылық қамтамасыз ету тетігін құруды ұсынамыз;
— Біз Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының болашағына үлкен оптимизммен қараймыз.
фото: akorda.kz