Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел аймақтарындағы су тасқынына байланысты жиналыс өткізеді

0

Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан келгеннен кейін су тасқынына қатысты жиналыс өткізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аймақтардағы апат мемлекет басшысының назарында екені айтылды.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр. Бүгін мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін премьер-министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді. Қабылданған шешімдер туралы  жұртшылыққа тез арада хабарланады”, – деді Ақорда.

Еске салсақ,  бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі су тасқынына байланысты Қазақстан халқына үндеу жасаған еді.