Президент министрлерге: Сендер бар болғаны қорқақсыңдар
Қысқа сілтеме алу
Мемлекет басшысы ұлттық банкке акционерлердің өз банкін тонап, қашып кетпеуін қадағалауды тапсырды
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент экономикаға тиімді жобалар мен бәсекеге қабілетті кәсіпорындар керек екенін атап өтті. Айтуынша, тек соңғы үш жылда банкроттықтың алдында тұрған кәсіпорындар саны шамамен 2 есеге өскен.
«Банк ақша бермейді деп шулайсыңдар, ал ол кімге береді? Барлық жерде кәсіпорындар банкрот. Ешкім кепілдік бере алмайды, ешкім ақшаны қайтара алмайды. Кімге береді, қайтарып беретін адамдар жоқ. Қазір осы берешек 4 триллион теңгеден асады», — деді Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Елбасы қаржы жүйесін мысалға келтірді.
«Мәселен, банк құрылады, жұмыс істей бастайды, адамдар сеніп, ақшасын сақтайды. Квазимемлекеттік сектор ақшасын құяды. Содан кейін акционерлер сол ақшаны шетелге шығарып, ұрлай бастайды. Бізде оларды түрмеге қамайтын заң жоқ. Бүкіл әлемде солай. Бәрі қашып кетеді, біз артынан жүгіреміз», — дейді мемлекет басшысы.
Назарбаев Ұлттық банк пен үкіметке акционерлердің өз банкін тонап, қашып кетпеуін қадағалауды тапсырды.
«Банкроттық институты нарықтық елдерде кең таралған құбылыс. Сендер министр емес, бар болғаны қорқақсыңдар. Аяқ-қолдарың дірілдеп, шешім қабыдай алмайсыздар?
Сонда не үшін жұмыс істеп жүрсіңдер? Барлық банктерді тазартыңдар, сонда мен бұл үкімет өз міндетін адал орындады деп санаймын, сосын осымен отставкаға кетіңдер. Міне, сонда бұл нағыз жұмыс болады», – деп ашуланды президент.
«Бәріміз бірдеңе жасап жүргендей қол сілтейміз, бірақ нақты жұмыс жоқ. Премьер-министр жеке бақылауына алсын. Бұл мәселені шешсін. Мен «кетіңдер» деп жай айттым. Ешқайда кетпеңдер, жұмыстарыңды істеп, баяндаңдар», — деп түйіндеді Назарбаев.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/