Президент Министрлер Кабинетіне ескерту жасады
Министрлер Кабинеті Президенттен ірі өнеркәсіптік жобаларды іске қосудағы баяу жұмысы үшін ескерту алды.
“Бұл жұмысты заңсыз әкетілген активтерді біздің қазынаға қайтарумен үндестіру қажет. Жер қойнауын пайдалану құқығын ашық бөлуге арналған бірыңғай платформа іске қосылды. Парламенттің ағымдағы сессиясының соңына дейін оны заңнамалық қамтамасыз етуді аяқтау керек. Жер қойнауын пайдалану саласындағы Реформа қандай жағдай болмасын жалғасуы тиіс. Бұл принципті берік ұстаныңыздар”, — деді Президент.
Сондай-ақ сөз соңында туризмді қолға алу керек екенін баса айтты.
«Экономикалық өсудің жаңа нүктесі туризм болуы тиіс. Мұнда біз артта қалып отырмыз, жұмыс нәтижелері маңызды емес.
Елдің әр аймағында тартымды туристік орындар бар. Шетелдік және отандық туристер бірегей қорықтарға барғысы келеді, сондықтан қажетті инфрақұрылымды, соның ішінде жеке инвесторларды тарта отырып, шұғыл түрде құрылыспен айналысу керек», — деп толықтырды.
фото: Ақорда