Президент министр Мирзағалиевтің жұмысын сынады

0

Екі ай бұрын ғана Энергетика министрі болған Мағзұм Мирзағалиевті қабылдаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жанар-жағармай қорының күрт төмендеуіне жол берген ведомстволардың жұмысын сынға алды. Президент өнеркәсіп пен халықты электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету, сондай-ақ қосымша генерациялаушы қуаттарды құру қажеттігіне назар аударды.

Өз кезегінде Энергетика министрі Мемлекет басшысы тапшылықты толтыру бойынша қабылданған шұғыл шаралар туралы баяндады.  Осылайша, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу мерзімі 2022 жылға шегерілді.

Сонымен қатар, Ресейдің Энергетика министрлігімен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде көрші елден 150 мың тоннаға жуық дизель отыны әкелінді.  Мағзұм Мирзағалиевтің айтуынша, қазір жағдай тұрақталып келеді.