Президент мемлекеттік хатшының өкілеттігін кеңейтті

0
649

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 25 қаңтардағы жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Бұрынғы функцияларынан басқа, қазір Мемлекеттік хатшы:

— мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саяси партиялармен қарым-қатынаста оның мүддесін білдіреді;

— саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;

— Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;

— «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жұмысын үйлестіреді.