Президент лудоманияға күрес туралы заңға қол қойды
Тоқаев лудоманиямен күрес туралы Заңға қол қойды, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты.
— құмар ойындарға/бәс тігуге тыйым салынған адамдардың тізімі кеңейтілді. Олардың қатарына атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер жатады;
— мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілер мен қауіпсіздік қызметкерлеріне құмар ойындар мен бәс тігуге тыйым салынды;
— Туризм және спорт министрлігі ойын мекемелері, букмекерлер мен тотализаторлар жұмысының үлгілік қағидаларын бекітетін болады;
— букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың сыртқы жарнамасына тыйым салынады.
Сондай-ақ, олардың көлік құралдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында, кинода, бейнежазбада және анықтамалық қызметте жарнамасына тыйым салындады. Букмекерлік кеңсе орналасқан жерде, спорт ғимараттарының ішінде және спортшыларды жабдықтауда, сыртқы жарнама, тіркелген спорттық БАҚ-та, сондай-ақ отандық телеарналардың халықаралық жарыстарды тікелей трансляциялау кезінде жарнамаға рұқсат етіледі;
— лотерея билеттерін таратуға және тұрғын үйлерде, жатақханаларда, ғибадат үйлерінде, мәдениет ұйымдарының ғимараттары мен құрылыстарында, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау объектілерінде, оның ішінде олардан жүз метр радиуста лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салынды.
Фото: ашықдереккөз