Президент лекция тыңдаған дәрісхана — Атаулы күн|23 Қараша 2018, 11:24

0

Фото: Автор

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ғұмырнамасында Қарағанды өңірі ерекше із қалдырған. Еліміздің индустриялық жүрегі саналатын өңірде мемлекет басшысының жастық шағы, студенттік өмірі өтіп, осы жерде — еңбекке араласып, шыңдалып, үлкен өмірге қадам басты.

Қарағанды өңірінде Тұңғыш Президенттің жастық шағынан, студенттік кезеңінен, еңбек еткен жылдарынан сыр шертетін орындар жетерлік. Соның бірі — жас Нұрсұлтан осыдан 56 жыл бұрын білім нәрімен сусындаған Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіндегі №114 дәрісхана.

Бірінші желтоқсан - тұңғыш Президент күні. Слайд немесе презентация жасауға бейімделген фотоматериал.

Нұрсұлтан Әбішұлының өзі де Қарағандыда өткен өмірі жайлы айрықша лебізбен, ыстық ықыласпен еске алып, былай деген еді: «Өмірімнің жиырма жылын осында өткіздім. Осы жерге еңбекке араластым, шыңдалдым, достар таптым. Мен үшін Қарағанды туған өңір, туған қала!».

Бірінші желтоқсан - тұңғыш Президент күні. Слайд немесе презентация жасауға бейімделген фотоматериал.

Нұрсұлтан Назарбаев 1962-1965 жылдар аралығында Қарағанды политехникалық институтында оқыған. Сол жылдары еліміздегі ең беделді оқу орындарының бірі саналып, білікті инженерлік кадрлар дайындауда алдыңғы қатарда болған тау кен институты бүгінде «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» деп аталады. Болашақ Президент білім алған оқу ордасында Елбасы өмірі мен еңбек жолына қатысты мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттердің, жәдігерлердің бәрі қастерлі. Ел тарихында елеулі із қалдырған тұлғаның өмірі жайлы сыр шертетін деректерді сақтап, жастарға үлгі қылып,ұрпаққа жеткізу мақсатында университет қабырғасында мұражай да ашылған болатын. Бұған сол жылдары жас Нұрсұлтан «электротехниканың негіздері» пәнінен лекция тыңдаған аудитория таңдалып алынған.

Бірінші желтоқсан - тұңғыш Президент күні. Слайд немесе презентация жасауға бейімделген фотоматериал.

«ҚарМТУ-дың Құрметті профессоры Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған мұражай университетіміздің бас ғимаратында орналасқан. Бұл жерде Елбасымыз 1962-1965 жылдар аралығында оқыған. Деректер Нұрсұлтан Әбішұлының осы ғимаратта дәріс тыңдап, білім алғандығын көрсетеді. Мұражайды жасау барысында Елбасы сол жылдары лекция тыңдаған аудитория арнайы таңдалып алынды», — дейді мұражай меңгерушісі Дәмеш Жасарова.

Бірінші желтоқсан - тұңғыш Президент күні. Слайд немесе презентация жасауға бейімделген фотоматериал.

Мұражайға кіргенде ең алдымен ерекше көзге түсетін орын — 3D форматтағы диарама. Мұнда Елбасының жастық шағындағы сәттердің бірі көрсетілген.

Бірінші желтоқсан - тұңғыш Президент күні. Слайд немесе презентация жасауға бейімделген фотоматериал.

«Тұңғыш Президенттің өмірбаянынан білетініміздей, ол балалық шағында ұшқыш болуды армандаған. Осыдан біршама уақыт бұрын біздің университетте Корей елінен делегация келген еді. Қонақтарға мұражайды көрсетіп, Елбасының осы арманы жайында айттық. Сонда делегация құрамындағы бір профессор «Н.Назарбаевтың арманы орындалды, ол бүтіндей бір елдің тізгінін ұстады» деген болатын», — дейді Дәмеш Жасарова.

Бірінші желтоқсан - тұңғыш Президент күні. Слайд немесе презентация жасауға бейімделген фотоматериал.

2014 жылы ашылған мұражайда Тұңғыш Президенттің өмірбаянына қатысты фотосуреттер, жәдігерлер, естеліктер жинақталып, әрқайсысы жеке-жеке экспозиция болып берілген. «Атамекен» деп аталатын бөлімде Елбасының отбасына, оның балалық шағына қатысты суреттер жинақталған. Мұнда, болашақ Президенттің отбасымен, Шамалғандағы алғашқы ұстазымен, сыныптастарымен және достарымен түскен фотосуреттері бар. Елбасының алғаш еңбек жолын бастаған кезеңі «Еңбек жолының басталуы» деп аталатын бөлімде көрсетілген. Мұражай келушілері Президенттің Теміртаудағы металлургия зауытында жұмыс істеген, Украинда білім алған жылдарынан сыр шертетін естеліктерді көре алады.

Бірінші желтоқсан - тұңғыш Президент күні. Слайд немесе презентация жасауға бейімделген фотоматериал.

«Нұрсұлтан Әбішұлының Қарағанды политеxникалық институтында оқыған уақыты мұражайда кеңінен қамтылған. Бұл жерден жас Нұрсұлтанның білім нәрімен сусындаған кітаптарын, металдар мен қорытпалардың микроқұрылымын зерттеген микроскопын көре аласыз. Студент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қолымен жазған жеке ісінің түпнұсқасы, өмірбаяны, бірінші курсқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қойылған. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлының сынақ кітапшасы да сақталған», — дейді Дәмеш Жасарова.

Бірінші желтоқсан - тұңғыш Президент күні. Слайд немесе презентация жасауға бейімделген фотоматериал.

Мұражайда Елбасының Қарағанды аймағына жұмыс сапарлары кезінде түсірілген фотосуреттер мен бейнежазбаларды электронды түрде көруге мүмкіндік беретін сенсорлы экранды үстел орнатылған. Сонымен қатар, Елбасының кітаптары қойылған сөре ерекше көзге түседі. Дәмеш Жасарованың айтуынша, бұл кітаптарды Н.Назарбаев 2012 жылы ҚарМТУ-ға келген кезінде университет оқытушылары мен студенттеріне сыйлаған. Мұражайдағы маңызды бөлімдердің бірі Елбасының осы сапары кезіндегі естеліктерге арналған.

Бірінші желтоқсан - тұңғыш Президент күні. Слайд немесе презентация жасауға бейімделген фотоматериал.

«Президент Қарағандыға жұмыс сапары кезінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне ат басын бұрып, курстастарымен, ұстаздармен, студенттермен кездесіп, университеттің құрметті қонақтар кітабына ерекше жазба қалдырған болатын. «Қарағанды мемлекеттік университетінің инженерлік кадрлар дайындауда орны бөлек. Еліміз индустриялық, инновациялық даму жолына түсіп тұрғанда инженерлер өте қажет. Жастардың осы университетті таңдап, маман болып, өздеріне де, елімізге де қажетті қызмет атқаратына сенімдімін. Мен де бүкіл Қазақстан үшін инженер кадрларының ұстаханасы саналатын осы оқу орнында оқығанымды мақтан етемін», деген Елбасының сөздері университетте қызмет ететін ұстаздар мен білім алатын студенттерге ерекше қанат бітіреді. Тұңғыш Президентіміздің осы жазбасын кураторлық сағаттар барысында студенттерге көрсетеміз. Осыдан кейін жастардың бойларын мақтаныш кернеп, Елбасы оқыған университет қабырғасында білім алудың үлкен абырой екендігін түсінеді», — дейді Дәмеш Жасарова.

Фото: Автор














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ