Президент күні қарсаңында халықаралық парламенттік конференция өтеді
Астана, BAQ.KZ. Мәжілістің бастамасымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне орай «Астана — жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы» атты халықаралық парламенттік конференция өтеді.
Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын конференция барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамаларын, ең алдымен, мемлекеттердің өзара іс-қимылын және ынтымақтастықты нығайту, бейбітшілік пен келісім идеяларын насихаттау мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Әзірбайжан, Италия, Қырғызстан, Литва, Ресей, Түркия және Өзбекстан Парламенті басшыларының сөз сөйлеуі қарастырылуда.
Сондай-ақ, форум жұмысына Германия, Үндістан, Қытай, Швеция және басқа да елдерден сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп жоспарланған.
Конференцияның күн тәртібі екі панельдік сессияға бөлінеді. Олар: «Астана векторы: сенімділік, қауіпсіздік және ынтымақтастық», «Қазақстанның жаһандық бастамалары: бейбітшілік пен келісім идеяларын алға жылжыту».
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ