Президент көмекшісі «Самрұқ-Қазына» директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды – новости Казахстана

0

Жақында ғана Елбасы көмекшісі болып тағайындалған Ерұлан Жамаубаев «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: liter.kz

Фото: liter.kz

Бұл туралы Қазақстанның қор биржасының сайтында ресми мәлімдеме жарияланды.

Президенттің көмекшісі Ерұлан Жамаубаев енді заңды түрде «Самрұқ-Қазына» директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Мәлімдемеге сәйкес, Астана әкімі Бахыт Сұлтанов пен Жамаубаевтың алдында президент көмекшісі болған Тимур Жақсылықов әл-ауқат қорының директорлар кеңесінен шығып қалған.