Президент кеңсесінің басшысы тағайындалды

0
170

Махмұд Қасымбеков президент кеңсесінің басшысы, ал Абай Бисембаев президент іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Назарбаев қол қойған жарлық 19 наурызда Ақорда сайты хабарлады.

19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев орталық телеарналар арқылы мәлімдеме жасап, өкілеттілігін тоқтататынын мәлімдеді.

Назарбаев «сайлау кезінде сенген» халыққа алғыс айтты. Ол «Нұр Отан» партиясының жетекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала беретінін жеткізді.

Назарбаев сайлау өткенге дейін уақытша президент қызметін сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынын айтты. Назарбаев телеарна эфирінде өкілеттігін тоқтату туралы жарлығын оқып берді.

Бақытжан Берікбайұлы Темірболат

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/bakytzhan-temirbolatka-kr-prezidenti-kensesinin-bastygy-mindetin-uakytsha-atkaru-zhukteldi_a3509011

Азаттық